Исламдағы тазалық
Теңіз өнімдерінің қайсысы халал?
Ғалымдардың көпшілігі «теңіз жануарлары –
халал» деген пікір білдірген. Тек құрлықта өмір сүре-
тін доңыз, ит секілді еті харам хайуандармен аттас
теңіз жануарлары жайлы қарама-қайшылық туындаған.
Кейбіреулер бұларды халал десе, енді бір топ оны
халалға жатқызбаған. Имам Мәлік теңіз шошқасын
мәкрүһ деп есептеген.
Теңіз жануарларын тұтастай халал дейтін ғалым-
дар: «Сендерге пайда және азық ретінде әрі жолаушы-
ларға сапарда азық болсын деп теңіз мақұлығын
аулауға, жеуге рұқсат берілді»
108
, – деген аятты дәлел
келтірген.
Ханафилер бойынша, теңіз жануарларынан ба-
лықтың кез-келген түрі жеуге жарамды. Балықты
бауыздаудың қажеті жоқ, алайда суда өздігінен өлген
балықты жеуге болмайды. Толқынның жағаға ұруымен
қайраңда өлген, таспен соғып алу, ау, қармақ салу жо-
лымен ауланған балықтар жеуге жарамды. Басқа теңіз
жануарлары жеуге тіксіндіретін болғандықтан немесе
бауыздалмағаны үшін өлексе саналғандықтан жеуге
жарамайды.
Теңіз жануарларынан балықты және құрлық
жәндіктерінен шегірткені қоспағанда бауыздаусыз
өлген хайуандар өлексе санатына кіреді. Алайда
бауыздалмаған балық пен шегірткені жеу халал.
Себебі, теңіз суы туралы сұрағанда Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Теңіздің суы таза, өлексесі халал»
109
, – деп
жауап қатқан.
108
«Маида» сүресі, 5/96
109
Әбу Дәууд, Таһарат, 41; Нәсаи, Таһарат, 46; Тирмизи, Таһарат, 52
149
Достарыңызбен бөлісу: |