Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет152/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ас-судың тазалығы
Аллаһтың атын ауызға алмай сойылған 
малдың етін жеудің үкімі
Адамзат  жан-жануарларды  азық  қылу  үшін  және 
басқалай  әжетке  жарату  үшін  сояды.  Өйткені,  бұған 
Аллаһ тағаланың өзі рұқсат еткен. 
жан-жануарларды  сойғанда  Аллаһтың  атын  ау-
ызға  алу  дегеніміз  –  өлімнің  Аллаһтың  құдіреті  әрі 
ықтиярымен  болатынын  еске  түсіру.  Сол  себепті  де 
Аллаһтан  басқаның  атымен  сойылған  малдың  етін 
жеуге тыйым салынады. Өйткені, өмір беру және өлтіру 
бір  Аллаһтың  құдіретінде.  Бұлай  тыйым  салу,  сойыс 
малына оның рұқсаты мен есімі арқау етілмегендіктен, 
сондай-ақ,  пұтқа  табынушылықтың  тамырына  балта 
шауып тәухидті нық орнату, яғни бір Аллаһты ұлықтау 
мақсатында  жасалған.
Құран:  «Ол  сендерге  өлексе,  қан,  доңыз  еті  және 
Аллаһтан  басқаның  атына  сойылған  хайуанның  етін 
харам  қылды.  Кімде-кім  мәжбүр  қалған  жағдайда 
өзгенің құқын аяққа таптамай және зәрулік мөлшерінің 
шегінен  шықпай  бұлардан  жесе,  күнә  жазылмайды. 
Аллаһ  тым  кешірімшіл,  асқан    мейірбан»
107
,  –  дейді. 
Міне, сондықтан Аллаһтың атын айтпай сойған малдың 
етін жеу харам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет