Қоршаған орта тазалығы
жолымен тазартып алуға мүмкіндік бар. олай
болса өлексенің терісін илеу арқылы тазартуға,
сөйтіп әжетке жаратуға рұқсат етілген.
Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) ардақты зайыбы Сәудә бинт Земаның ешкісі
өліп қалғанда: «Уа, Аллаһтың елшісі, біздің ешкі
өліп қалды», – дейді. Пайғамбарымыз: «Терісін неге
алмадыңдар?», – деп сұрайды. «Өлген малдың терісін
қайтеміз?», – дегенде сүйікті Пайғамбарымыз: «Терісін
илеп бір игіліктеріңе жаратар едіңдер», – деп жауап
қатқан екен. Сонда Сәудә анамыз біреуді жүгіртіп
өлген ешкісінің терісін сыпырып алады. Өз қолымен
илеп, торсық тігіп, оны тозғанша пайдаланған.
Теріні илеудің екі жолы бар: 1. Тұз, ашудас
6
секілді химиялық қоспалар мен дәрілік заттар
қосу арқылы илеу; 2. Шартты илеу, яғни топырақ
сеуіп немесе күнге, желге жайып қақтау арқылы
өңдеу; Екі жолмен де иленген теріге намаз өтеуге
болады.
Заты
6
нәжіс нәрсемен иленгені анық теріні үш
қайтара жуып-шайса, тері таза саналады.
140
141
Достарыңызбен бөлісу: |