Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет160/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ас-судың тазалығы
Мал  ыңғайсыз  құлап  немесе  қолға  түспей 
қашып,  бауыздау  мүмкін  болмаса,  оның  кез-келген 
мүшесінен  қан  ағызу  бауыздаудың  орнына  жүреді. 
Пайғамбарымыздың  заманында  қашып  жеткізбеген 
түйені  оқпен  атып  алған  екен.  Аллаһ  елшісі  осыны 
құптаған  әрі  мұндай  жағдайларда  дәл  осылай  істеуді 
бұйырған.
Тауық секілді құстарды бауыздаған соң қауырсынын 
жұлу оңай болуы үшін денесі ыстық суға батырылса, 
тауықтың  тек  терісі  былғанады.  Ал  былғанған  теріні 
жуып тазартып алу тез.
3.  Бауыздаған  кезде  Аллаһтан  басқаның  атын 
атамау және одан басқасы үшін құрбан шалмау;
4.  Малды  бауыздаған  кезде  Аллаһтың  атын 
айту.  «Оның  аяттарына  (нышандарына)  иман  еткен 
болсаңдар Аллаһтың аты ауызға алынған нәрсені ішіп-
жеңдер!»
112
, «Аллаһтың аты ауызға алынбаған нәрсені 
жемеңдер!»
113
 деген аяттар мен «Қаны ағызылған және 
бісміллә айтылғанды жеңдер!» деген мағынадағы ха-
дистер осыны міндеттейді.
Бауыздағанда  қойылатын  талап,  малды  қина-
май  тезірек  жан  тапсыруын  қамтамасыз  ету.  Пайғам-
барымыздың  малды  мүйіз  немесе  тіс  секілді  доғал 
құралдармен  союға  тыйым  салуы,  пышақты  малдың 
көзінше  қайрап  білемеуді  тапсыруы  жоғарыда  атал-
ғандарды меңзейді.
Малды  сойған  адамның  мұсылман  немесе  әһли 
кітап болуы шарт. Кітап иесі деп иудейлер мен христи-
андар  секілді  негізі  хақ  болып,  жүре  келе  бұрмалан-
112
 «Әнғам» сүресі, 6/118
113
 «Әнғам», 6/121


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет