истинжа және истибра жасаудың тәртібі
Ислами кітаптарда зәр сындырған соң истибра
жасауға, қақырынып жөтелу, қуықты сығымдау, аяқты
қимылдату, бірден дәрет алмай біраз адымдап жүруге
кеңес беріледі. Истибрадан соң белден төменгі жақты,
яғни қасағаны, жыныс мүшесін жуып, шүберекпен
немесе әжетхана қағазымен сүртіп құрғатқан дұрыс.
Истинжа, истибра және әжетханаға кіріп-шығу
тәртібіне мыналар жатады:
Әжетханаға кірерде саусақтағы Аллаһтың аты
6
жазылған сақина-жүзікті шешіп қою, қалтадан
аят, хадис жазулы қағаздарды шығару. жалпы
бұларды әжетханаға жолатпаған дұрыс не болмаса
су өткізбейтін мұқабаға салып жүру керек.
Әжетханаға кірерден бұрын бісміллә деу, содан
6
соң «Аллаһүммә инни әғұзубикә минал хұбси уәл
хабаис», «Уа, Аллаһ, ластықтан және былғаныш
нәрселерден сақтай гөр!», – деген дұғаны оқу
мұстахаб.
Әжетханаға сол аяқпен кіру, оң аяқпен шығу;
6
Әжетханада бетті құбылаға беріп немесе құбылаға
6
теріс қарап отыру мәкрүһ.
Әжетханада орынсыз сөйлеуге, зікір,
6
дұға оқуға,
сондай-ақ, сырттан берілген сәлемге жауап
қайтаруға болмайды.
Себепсіз тік тұрып зәр төгуге болмайды. отырып
6
дәрет сындырғанда қуық әлдеқайда жақсы босай-
ды әрі зәр шашырай қоймайды. Бұл – тазалықтың
ең дұрыс жолы.
|