Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет34/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
адам  басқа  бауырларын  қарсы  алғанда  үсті-басын 
ретке келтірместен, олармен ерсі күйде жүздеспегені 
дұрыс. Аллаһ – көркем, көркем болғандарды ұнатады, 
сондықтан мұсылманның діндес бауырларына жақсы 
көрінгенін қалайды», – деп жауап қатады.  
Қарапайым  киіну  әрине  абзал,  дегенмен  қара-
пайым көрінемін деп ұқыпсыз, олпы-солпы киіну де 
дұрыс емес. Аллаһ елшісінің сүннеті – таза, ұқыпты, 
ықшам  киініп,  адамдарға  жақсы  кейіпте  көріну. 
Сондықтан достарымыз бен жақын-жуықтарымызды, 
таныстарымызды қарсы аларда үсті-басымызды түзеп, 
киім  тазалығына  мән  берген  жөн.  Әйтпесе  салдыр-
салақтық пен ұнжырғаның түсіп жүруі адамның жеке 
басына  ғана  емес,  дініміздің  атына  да  кір  келтіруі 
ықтимал.  ондайда  сырт  адамдар  сізге  қарап,  «сірә, 
Исламда  осылай  жүруді  талап  ететін  шығар»  деген 
жаңсақ ойға баруы мүмкін.
әурет тазалығы
Исламда  дененің  түк  басқан  тұстарын  да  таза 
ұстауға  айрықша  мән  береді.  Өйткені,  тер  мен  өзге 
де  органикалық  қалдықтар  көп  бөлінетіндіктен  мик-
робтар дәл осындай түк басқан жерлерді көбірек мекен-
дейді. Аллаһ расулының «Әркім ұйықтап тұрған соң 
қолын  жумай  ыдыс  ұстамасын!  Өйткені  ұйықтап 
жатқан-да қолын қайда жүгірткенін білмейді ғой»
22

–  деген  хадисі  тікелей  осыны  меңзейді.  Сол  себепті 
қандайда бір аурудың алдын алу тұрғысынан, ұйықтап 
тұрған-нан кейін қолды жуу ерекше ықтиятталған. 
22
  Мүслим, Таһарат, 87


33
Тән тазалығы
Пайғамбарымыз  дене  күтімі  жайлы  хадисінде 
қолтық  пен  ұятты  жердің  түктерін  тазартуды  және 
дәрет  сындырған  соң  сумен  тазалану  керектігін 
бұйырған
23
. Истинжа (үлкен дәреттің қалдығы) мүмкін 
болса сол қолмен мол су құя отырып жасалады, қажет 
болса  сабын  да  қолданылады.  Истинжаны  сумен 
жасау гигиена талаптарына толықтай сай әрі шүберек 
(дәке), тас және қағазбен жасалғаннан гөрі әлдеқайда 
дұрысырақ.  Құба  мешіті  жамағаты  сумен  истинжа 
жасағаны  үшін  келіп  түскен  «Тәубә»  сүресінің  108-
аятында: «Онда (көрінетін, көрінбейтін нәжістерден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет