31
Тән тазалығы
жуғанда бас терісін қатты ысқылап тітіркендіру дұрыс
емес.
Химиялық жолмен бұйралау, бояу да шаштың өсуін
нашарлатады. Сондай-ақ, бас киімсіз күннің астын-
да немесе суықта жүру бастағы қан айналымының
қалыпты қызметін бұзады.
Пайғамбарымыз шашын үнемі жуып тазалап,
тарап күтетін. Ұйысқан кір шаштарды ұнатпайтын.
Бірде шашы ұйпа-тұйпа біреудің мешітке келгенін
көріп:
«Мына адам басын жуатын су, шашын тарай-
тын май таппаған ба? Бұл неткен салақтық!», – деп
ренжіген еді. Тағы бірде:
«Шашы бар адам шашын
күтсін!»
21
, – деп, шашты күтуге кеңес берген.
Пайғамбарымыз мұртты үстіңгі ерінге жетпей-
тіндей етіп қысқартып отыруға кеңес берген. Тағам
қалдықтары мұртқа жабысып кісінің бет-әлпетін бұзбас
үшін мұртты осылайша қысқартып тұрған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: