Ауыз бен тіс күтімі
Тіс пастасы мен шөткені пайдалану – тіс пен қызыл
иектің, ауыз қуысының аман болуының кепілі. Тісті
тамақтанғаннан кейін шамамен бір жарым сағаттан
кейін жақсылап тазалау қажет. Тамақтан кейін ауызды
шайып немесе аздап су ішкен дұрыс. Бұл тісжегі мен
қызылиектің қабынуынан қорғайды. Тіс пастасын
аз мөлшерде қолданып, тіс шөткесін үш ай сайын
жаңалаған жөн. Тісті тазалағанда, шөткені қызыл
иектен тіске қарай бағыттай отырып тазалайды.
Профилактикалық шара ретінде алты айда бір рет
тіс дәрігеріне көрініп тұрған дұрыс.
Пайғамбарымыз ауыз бен тіс күтіміне ерекше
көңіл бөлген. Парыз және нәпіл намаздарды қосқанда
күн сайын бес немесе он рет мисуәк пайдалануға кеңес
берген. Намаздан бұрын дәрет алғанда үнемі мисуәк
қолданатын. осы орайда, оның: «... егер үмбетіме
қиындық туғызбайтынын білгенімде, әр намаздың
алдында мисуәк қолдануды бұйырар едім»,
14
«Мисуәк
қолданыңдар, мисуәк ауызды жақсы тазалайды»
15
деген
хадистері осыған дәлел. Сондай-ақ, пайғамбарымыз
күнделікті ұйықтар алдында, төсектен тұрғанда
міндетті түрде мисуәк қолданған.
Ауыз тазалығын сыртқы тазалық деп қана қара-
мау керек. Мүмин адам тілімен өсек, өтірік айтпауға,
13
Мүслим, Таһарат 56; Әбу Дәууд, Таһарат 29; Тирмизи, Әдәб 14;
Нәсәи, Зинәт 1
14
Бухари, жума, 8; Мүслим, Таһарат, 42
15
Бухари, Саум, 27
|