Беті-қол күтімі
Қол күнделікті тұрмыста жиі кірленетіндіктен,
оны мұнтаздай таза ұстауға айрықша мән беру керек.
Сүннет бойынша тамақтанардан бұрын және кейін,
ұйқыдан тұрғанда, азық-түлікті ұстағанда, үй жану-
арларын сылап-сипаған жағдайда, науқасты немесе
сәбиді күту үшін алдын ала қолды мұқият жуу керек.
Бас ауруының бәсеңдеуіне, бастағы қан айналы-
мын жақсартуға, сергек, өңді әрі ажарлы болуға бет
жуудың тигізер септігі мол. Бетті кірден, шаң-тозаңнан
тазартудың да пайдасы шаш – етектен. Бетпен қоса
мойынды жуу миды қоректендіріп, қан тамырларын
шынықтыра түседі.
Аяқ күтімі
Аяқ күтімі де айтарлықтай мәнге ие. Аяқты күнде
жуу, жуғаннан кейін әсіресе саусақтардың арасын
жақсылап сүртіп құрғату керек. Әйтпесе шамадан
|