Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет25/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Бірінші ТАрАУ
 
Тән ТАзАлығы  
және  
ҚұлшылыҚҚА 
ҚАжеТТі ТАзАлыҚ 
Түрлері


24
дене ТАзАлығы
Әдетте  әрбір  адам  өз  басының  тазалығына  мән 
берсе де, бермесе де, өзгелердің таза болғанын қалайды. 
Неліктен?  Өйткені  адамның  жаратылысы  бойды  таза 
ұстап, таза жүруді қажет етеді. Ұқыпты әрі таза жүру  
көпшілік  ортада  кісінің  өз-өзіне  көңіл  бөлетіндігін 
ұқтырады  әрі  өзіне  деген  өзгелердің  сый-құрметін 
оятады.  Үсті-басын  тәртіпке  келтірмей,  салдыр-салақ 
жүретін  ұқыпсыздар  жайлы  Пайғамбарымыз  (с.а.с.): 
«Араларыңнан  кейбіреулер  келіп  көктен  хабар  түсуін 
сұрайды, ал, өзінің тырнағы өсіп кеткен, тырнағының 
асты  кір  мен  тамақ  қалдықтарына  толы»  –  десе, 
енді  бір  хадисте:  «Менің  алдыма  сарғайған  тіспен, 
жағымсыз  иіспен  келмеңдер!»
11
  –  деп  ескерткен.  Бұл 
хадистерден  тән  тазалығының  қоғамдық  ортадағы 
мән-маңызына назар аударылғанын аңғарамыз. 
Тазалық  тұрғысынан  күнделікті  не  күнара  бол-
маса да, тым құрығанда аптасына бір мәрте моншаға 
шомылып тұру қажет. осы орайда Пайғамбарымыз да 
(с.а.с.) жоқ дегенде аптада бір рет шомылып кір-қоңнан, 
жағымсыз иістен арылуға кеңес бергенін айта кеткен 
жөн.
Қазіргі күні судың денедегі энергия қуатын реттеп, 
жүйке  жүйесін  тыныштандыратыны,  ревматизм  ау-
руларына оңды септігін тигізетіні, күнделікті стресті 
жойып,  адамға  күш-қуат  пен  сергектік  сыйлайтыны, 
қан  айналымын  жақсартып,  теріні  демалдыратыны 
11
   Суюти, жамиус-Сағир, 2/72


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет