Тазалықтағы өлшем
Адамның құлшылыққа деген салғырттығы
«жүрегім таза» деп ғибадатты тәрк етуден пайда
20
Исламдағы тазалық
болады. «жүрегім таза, маған ғибадаттың қажеті
қанша? одан да кітап оқып, ғылыммен айналысқаным
жөн. Ғибадаттың қазасын өтеуге болар, ал бұлардың
қазасы жоқ қой», – деп асыра сілтеушілер де арамыз-
да кездеседі. Бұлай арқаны кеңге салушылармен қатар
шектен шығушылар да бар. Бұлар ғибадаттың тек
сырт пішіні мен формасына ғана мән беріп, оның ішкі
мазмұнын мүлде елеусіз қалдырады. Иә, намаздың тек
пішініне көңіл бөлгендердің оның ішкі мазмұнына
үңіліп жатпасы анық. Сондықтан, жүрегінің кіреу-
келеніп, тотыққанынан бейхабар жүруі ықтимал.
Ислам – жеңілдік діні. оны қиындататындар
діннің мәнін жете түсінбегендер. Аллаһ елшісі бұл
туралы: «Бұл дін – жеңілдік діні. Ешкім діннен озамын
деп артық кетуге тырыспасын. Қалай болғанда да
дін озады (ұтады)»
9
, – деген. Иә, дін ұдайы кез-келген
адам өз өмірінде жүзеге асыра алатындай жеңілдікте
әрі өмірдің шындығынан алшақ жатпауы керек. ол
«жүрегім таза» деп құлшылықты тәрк ету секілді
бейқамдықтан да, не болмаса асыра сілтеу арқылы
дінді қиындата түсуден де аулақ. Құдайға құлшылық
кісінің ішкі ықыласымен өлшенеді. рухани дүниесінің
тереңіне бойлай алмаған адамның тақуа секілді көрініп,
жасанды әрекеттер істеуі де тепе-теңдікті бұзады.
Пайғамбарлар ғибадаттың да өлшемін көрсеткен.
Иман келтіргендер тек соған сай мінәжат қылғанда
барып, тура жолды табады. Сол себепті сумен дәрет
жаңалайды, су табылмаған жағдайда Құран Кәрім
бұйырғандай тәяммүм жасайды, топыраққа беті-қолын
мәсіх етіп, намазға тұрады. Бұл орайда жан тазалығы,
9
Бухари, Иман, 29
|