Исламдағы тазалық
халінен тазалану тәсілдері жатады. Шариғатта көзге
көрінетін кір мен былғаныштан тазаруды «нәжістен
тазару», ал дәретсіздік халінен арылуды «хадастан
тазару» дейді. Дәрет – әдетте белгілі ғибадаттарды іске
асыруды мүбаһ
8
қылатын, адамды құлшылық етуге
рухани тұрғыдан дайындайтын және ғибадаттан сауап
жинауға септігін тигізетін бірден-бір көмекші ғибадат
түрі.
рухани тазалық пен сыртқы тазалықтың ара-
сындағы тонның ішкі бауындай тығыз байланысты
естен шығармаған абзал. Дінімізде тән тазалығы,
киім-кешек, үй-жай, қора-қопсы, қоршаған ортаны таза
ұстау міндет болса, жүректі күнәдан тазарту парыз
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |