ТАзАлыҚТың ислАМ дініндегі орны
«Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға
ғибадат парыз» деп Абай атамыз айтпақшы, адам
баласының бұл дүниеге жіберілуінің түпкі мақсаты
жаратушыны тану болса, танығаннан кейінгі кезек-
те құлшылық жасау тұратыны айтпаса да белгілі. Ал
құлшылық өз кезегінде тазалықсыз жүзеге аспайды.
Ислам дінінде тазалықтың орны ерекше. Тіпті ол
«иманның жартысы»
1
болып есептеледі. Сондықтан да
мұсылмандар әрдайым тазалыққа ынталандырылған.
Күнделікті құлшылығының бәрі тазалыққа негізделген.
Бұл турасында Құранда: «Аллаһ көп тәубе етушілерді
және көп тазарғандарды ұнатады»
2
, – делінген.
Дініміздің алғашқы әмірлері де тазалыққа бай-
ланысты келген. Алғаш түскен аяттардың бірінде:
«Киіміңді таза ұста! Әр түрлі лас істерден аулақ
бол»
3
, – делінген. Бұл аятта сыртқы және ішкі (рухани)
тазалықтың өзара байланысы сөз болған. Мүминдерге
жүректі, рухты, бойды, киім-кешек пен арды таза ұстау
міндеттелген.
Дінімізде тазалық және тазалану мағыналарын
білдіретін негізгі ұғым – бұл «тахарат». Құран Кәрім-
де тазалыққа қатысты 31 жерде кездесетін негізгі
терминдер осы сөзден тарайды. олар сумен немесе өзге
де жолдармен тазалануды, күнәдан, харамнан бойды
1
Мүслим, Таһарат, 1
2
«Бақара» сүресі, 2/222
3
«Мүддәссир» сүресі, 74/4
|