Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет23/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
жүрек  пәктігіне  сай  сыртқы  кейіптің  тазалығына  да 
ерекше мән беру ортақ үйлесімді бұзбағандықтан ізгі 
әрекет болмақ. 
Адам табиғатындағы тазалық
Әрбір адам тумысынан Исламға бейім әрі күнәдан 
таза болмыспен дүниеге келеді. Бұл турасында Ардақты 
пайғамбарымыз: (с.а.с.) «Әркім туа бітті ислами бол-
мыспен  дүниеге  келеді.  Жүре  келе  ата-анасы  оны 
христиан,  иудей  немесе  отқа  табынушы  (мәжуси) 
қылады»
10
, – дейді. 
Мұнтаздай  таза  адам  болмысының  өзі  жүре  келе 
күпір  және  күнә  істермен  кірленіп  мұқалуы  мүмкін. 
Құдайды  жоққа  шығаруы,  оның  бар  екендігі  мен 
жалғыз дара екендігін паш етіп тұрған күллі нәрсеге 
көзін тарс жұмуы – күпірлік болып табылады. Сөйтіп 
жан сарайын су қараңғыға көміп, тап-таза табиғатына 
күйедей  қара  дақ  түсіреді.  Адам  иманы  мен  жақсы 
амалы  арқылы  табиғатын  қаз  қалпында  сақтап  қала 
алады.  Демек,  адам  табиғатында  иман  туа  бітті 
тұрлаулы күш болса, күпірлік кейіннен пайда болатын 
жағдай екен. Бастапқы табиғатын таза сақтап, жүректі 
иман нәрімен сусындата алмаған адамның күпірдің көп 
ағымдарының біріне шырмалып, адасуы ғажап емес.
Адам таза табиғатын кірлету арқылы азғындыққа 
бой алдырады. жұмыртқаны жарып шыққан сарыуыз 
балапан ұша алмаса да құс есебінде.  Ал қауырсыны 
бітіп, қанаты бекіген шақта ұшуға талпынғанын көріп: 
«ол әлі-ақ ұшатын болады», – дейміз. Әйтсе де басына 
пәле  орнап,  қанаты  сынса,  майып  болса,  ұша  алмасы 
10
   Бухари, жәнәиз 80; Мүслим, Қадәр 22


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет