Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет21/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
мағрифатуллах, екінші жағында  «масиуа» яғни одан 
өзгені сыйдыратындай екі жүрек жаратпаған. 
Адамның  өмірлік  мұраты  –  жүректі  көркем 
мінезбен,  ақиқат  әрі  дұрыс  діни  сеніммен  сәулеттен-
діру  болып  табылады.  Адам  жақсы  тәрбие  мен  тура 
сенімге кереғар дүниеден бас тартпайынша, күнә мен 
жаман әдеттерді тәрк етпейінше, жүректе көркем мінез 
бен  шынайы  адамгершілік  берік  орнықпайды.  Міне, 
тазалық  сол  себепті  иманның  жартысы  немесе  бір 
бөлігі  болып  саналады.  Мұндай  тазалық  тәнге  қуат, 
жүрекке дауа болып, иманның беріктігінің де өлшемі 
ретінде  бағаланады.  Адам  баласы  рухани  танымын 
биіктету үшін де тазалықты тұғыр етуі шарт. жаман 
пиғылдан арылмайынша жүректің тазалығына, жаман 
мінез-құлықтан жиренбейінше көркем мінез бен жақсы 
ахлаққа қол жеткізу мүмкін емес. Адам бойдағы жаман 
әдеттерден  тыйылмайынша  ғибадаттың  ләззатын 
сезіне  алмайды.  Діттеген  мақсат,  көздеген  меже  биік 
болған сайын жолда кездесетін қиындықтар да соған 
орай ауыр болмақ. Бұл жолды аңғалдықпен оңай басып 
өтемін деу бос әурешілік.  Тазалық мәртебелерінің «тар 
жол, тайғақ кешулерін» дұрыс пайымдай алмаған адам 
ең төменгі сатысын ғана игеріп, сонда тұрақтап қалары 
анық. Тазалықты тек қана сыртқы тазалық деп ұғып, 
оның  сыртқы  шарттарын  мінсіз  орындаумен  шекте-
лу  –  таяздықтың  белгісі.  Сондықтан  да  игі  -  жақсы 
мұсылмандардың  ішкі,  сыртқы  тазалықты  бүтіндей 
ұстанған өнегелі өмірі біздер үшін үлгі болғаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет