Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет18/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
зерделеген  ғалымдар  дінімізде  жүрек  тазалығының 
бәрінен  жоғары  тұратындығы  жайлы  тоқтамға 
келген.  Өйткені,  ардақты  пайғамбарымыздың  жоға-
рыда  айтылған  хадисінде  тек  сумен  атқарылатын 
сыртқы  тазалық  айтылмаған.  Су  арқылы  тән  кірден 
арылғанымен  жүрек  күнәға  белшесінен  батса,  бұның 
толыққанды  тазалыққа  жатпасы  белгілі.  Демек, 
ішкі  және  сыртқы  тазалық  өзара  үндескенде  ғана  ол 
иманның жарты бөлігін құрайды. 
Тазалықтың түрлері 
Ислам  мәдениетінде  жалпы  тазалық  пен  құл-
шылық  мақсатында  атқарылатын  тазалық  екі  бөлек 
қаралмаған.  Бұл  екеуі  қамшының  өріміндей  егіз 
дүние.  Сондықтан,  ислам  ғалымдары  тазалықты 
сыртқы  (дене)  тазалығы,  шариғаттағы  діни  тазалық 
және рухани тазалық деп үш тұрғыдан қарастырған. 
Сыртқы (дене) тазалығына, дене күтімі, киім-кешек,  
тамақтану  гигиенасы,  қоршаған  ортаның  тазалығы 
кіреді.  Ал  рухани  тазалық    мұсылманның  ниеті, 
ықыласы,  жүрегін  жақсы  қасиеттермен  және  көркем 
мінезбен, әдемі ахлақпен кемелдендіруді қамтиды.
Діннің  түпкі  мәні  алдымен  жүректі  тазарту, 
Аллаһты  тану,  құлшылық  жасау,  рухтың  кемелденуі 
және  рухани  танымы  арқылы  жаратушы  Иеге 
жақындау  болса  керек.  Ғибадат  пен  рухани  тазалық, 
тән  тазалығы  мен  қоршаған  орта  тазалығы  арасында 
өзара  тығыз  байланыстың  болуы,  Құранда  жан  мен 
тән тазалығының қатар қолданылуы да жүрек тазалы-
ғының мәніне назар аударады. 
Тазалықтың  келесі  бір  түрі  –  діни  тазалыққа 
келсек, бұған рухани ластық санатындағы дәретсіздік 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет