Исламдағы тазалық
қылушылар), рүкұғ пен сәждеге жығылушылар
үшін Қағбаны таза ұстауды әмір еткен
6
. Бұл ғибадат
орындарын, үй-жайды, қора-қопсыны, қоршаған ортаны
таза ұстаудың маңызы зор екендігін білдіреді.
Пайғамбарымыз хадистерінде: «Аллаһ – кіршіксіз
таза, тазалықты сүйеді»
7
, – деп атап өткен.
Аллаһ елшісінің: «Тазалық – иманның жартысы,
ал әлхамдулиллаһ таразы басын толтырады», –
деген өсиетіндегі «тухур» сөзі – сыртқы тазалықпен
қоса тәубе ету, кешірім сұрау (истиғфар), Аллаһқа
жалбарыну, әрдайым Аллаһтың назарында екенін
сезіну, жиі-жиі өз іс-әрекетіне есеп берумен қатар
шынайы құлшылық ету арқылы жүзеге асатын
рухани тазаруды да қоса қамтитын кең түсінік. осы
айтылғандарды өмірлік қағида ретінде ұстанған
мұсылманның кәміл иман иесі болары анық.
Бұл мәселені екі тұрғыдан қолға алып қарастыр-
ған жөн. Біріншіден, тазалық салдыр-салақтықтан
арылтса, екіншіден, жүректі жаман әдеттен, нашар
мінез-құлықтан айықтырып, тазартады. Міне, жан
мен тән тазалығын қамшының өріміндей қатар өрген
жан «Тазалық – иманның жартысы» деген пайғамбар
өсиетін орындаған болады. Алайда, иманның жүректе
нықтап ұялауы – тек Аллаһтың қалауымен болатын
дүние. Сайып келгенде, адам құлшылық мақсатында
тазалыққа ден қойып, талпынса, жан дүниесі тазарып,
сөзсіз оның жүрегіндегі иманы күшеймек.
Тазалыққа қатысты тағы бір айта кетерлік мәселе,
аяттар мен хадистердің түпкі мәніне үңіліп, зерттеп,
6
«Бақара» сүресі 2/125; «Хаж» сүресі 22/26
7
Тирмизи, Әдәб, 41
|