Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет24/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
анық. Күпір де осы секілді. ол ұшуға асық құстың топ-
шысын  сындырғандай  адамның  бастапқы  табиғатын 
іске  жарамсыз  етіп,  қанаты  қайырылған  құстай  дәр-
менсіз  халге  душар  қылады.  Әлгі  мысалдағыдай  біз 
жаңа туған нәрестеге қарап: «Мына нәресте мұсылман, 
не болмаса әлі-ақ мұсылман болады», – десеміз. Бірақ,  
жүре келе өмірдегі таңдауын дұрыс жасамағандықтан 
сағы сынып, күпір құрдымына кетіп жоғалуы ықтимал. 
Сөйтіп сәби көңіл көгеріп, зәулім ағаш болудың орнына 
жаңбырдан, жылу мен күн шуағынан құр қалып қурап 
семіп кетуі ғажап емес.
Имансыз адам дене тазалығы тұрғысынан алдына 
қара салмауы бек мүмкін. Үсті-басына шаң жуытпай-
тын сондай ұқыпты, таза, алайда  дін-иманнан хабар-
сыз    адамдар  баршылық.  Сонымен  қатар,  кір-қоңы 
бес елі, әйтсе де, бес уақыт намазын қаза қылмайтын 
діндарлар да кездеседі. Негізінен, мұндай салғырттық 
діннің  кемшілігі  емес,  жеке  адамның  қателігі.  Ислам 
діні күнделікті бес мәрте намаздан бұрын дәрет алуды 
әмір  еткен.  Аптада  бір  мәрте  шомылуды  (моншаға 
түсуді) Ханафи мәзхабы сүннет десе, кейбір ғұламалар 
уәжіп деп білген. Аптасына кем дегенде бір мәрте жұма 
күні бой дәретін (ғұсыл) алу дінімізде бекітілген сүннет 
және  жұма  күні  жақсылыққа  бөленудің  алғышарты 
саналған. 
Дінімізде  тазалықтың  атқаратын  рөлі  осынша-
лықты зор. олай болса діннің бар талабын бүкіл ын-
тасымен беріле орындайтын жанның тазалықтан кенде 
болмағаны  абзал.  Дін  талаптарын  толық  орындамай 
ішінара тәрк етуші адам діннен шығып кетпейді, десе 
де діннің берекеті мен игілігінен мақұрым қалады. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет