Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


көз, құлақ және мұрын тазалығы



Pdf көрінісі
бет31/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

көз, құлақ және мұрын тазалығы
Көзді  жуу  –  көздің  майда  қан  тамырларының, 
бұлшық  еттерінің  жұмысын  жақсартады.  Көздің 
қабынуына  сеп  болатын  микробтарды  жойып,  көз 
шарасындағы кірді тазартады әрі зейінді өткір қылады. 
Сонымен қатар көзді салқын сумен шаю, шаршағанды 
басады. 
Мұрынды (кеңсірікті) сумен тазарту тыныс алуды 
жеңілдетеді.  Мұрын  айналасындағы  синустардың 
17
  Бухари, Саум, 27; Нәсаи, Таһарат, 4; Ибн Мәжә, Таһарат, 7.
18
  Мүслим, Иман 147; Ибн Мәжә, Дуа 10.


30
Исламдағы тазалық
еркін босауына, мұрын қуысындағы иірімдердің ауаны 
жылыту қабілетінің күшеюіне септігін тигізеді. лакит 
ибн Сабира (р.а.) Пайғамбарымызға: «Уа, Аллаһ елшісі, 
дәрет  алу  туралы  айтсаңыз  екен?»,  –  дегенде,  ол: 
«Дәретті  жақсылап  ал,  саусақ  арасын  салалап  жу, 
ораза болмасаң кеңсірігіңе суды жақсылап тарт»
19
, – 
деп мұрынды жақсылап тазалауға кеңес берген. 
Хазірет  Пайғамбарымыз  тағы  бірде:  «Ұйқыдан 
тұрғанда  үш  мәрте  кеңсірікке  су  жіберіп  сің-
біріңдер!»
20
, – деген. Мұнда айта кететін нәрсе өрескел 
дыбыс  шығарып,  мұрынды  қатты  сіңбірмеген  жөн. 
Өйткені, Ислам – тазалықпен қатар сыпайылық діні. 
Әсіресе жол үстіне, адамдар көп жүретін орындарға, 
ашық  алаңқайларға  сіңбіру  –  жиіркенішті  қылық. 
Көпшілік ортасында мұрын шұқылау, ішіндегі түгін 
жұлу  әдепсіздіктің  белгісі  әрі  денсаулыққа  зиянды 
екенін ескерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет