Исламдағы тазалық
тыс ылғалдан саңырауқұлақ инфекциясының пайда
болу қаупі туындайды. Аяқтың тырнақтарын да жиі-
жиі алып отыру қажет. Башпайларды ылғалдан сақтау
үшін мүмкіндігінше тар аяқкиім кимеген абзал. Аяққа
ылғалды жақсы сіңіретін матадан тоқылған шұлық
киген абзал. Аяқкиімнің де таза болғаны жөн. Әдетте
аяғы тершең кісілердің тері мен кірі аяқкиімге сіңіп,
аяқ пен шұлықты лезде кірлетеді. Сондықтан аяқкиімді
де жиі тазартып тұрған жөн.
Тырнақ күтімі
Аяқ-қолдың тазалығында тырнақ күтімінің ма-
ңызы ерекше. Мамандар тырнақты жиі-жиі дөңгелек
пішінде қысқа қылып алып отыруға, аяқ тырнағын
өскенде көбесіндегі етке батып ауыртпауы үшін
тырнақты түзу етіп кесуге кеңес береді.
Тырнақ – микробтардың ұясы. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бір хадисінде: «Уа, Әли, тырнағыңды қатты
өсірмей алып жүр! Себебі, зиянды нәрселер тырнақтың
астына жиналады»
12
, – деп ескерткен. Хадисте аталған
зиянды нәрсенің бірқатары микробтар екенін білеміз.
Қолды ауызға, көзге, мұрынға жиі апаратынымызды
ескерсек, кір тырнақтың қандай қатер туғызатынын
жақсы түсінеміз. Сүннетте тырнақты апта сайын алып
отыруға кеңес берілген.
Сондай-ақ бірде пайғамбарымыз (с.а.с.): «Он нәрсе
жаратылыстан: мұртты қысқарту, сақалды өсіру,
мисуәк қолдану, истиншак (кеңсірікке су жүгірту),
мадмада (ауызға су алу), тырнақты қысқарту,
саусақтардың арасын салалап жуу, қолтықтың түгін
12
Дәйләми, Фирдәус, 3/205
27
Тән тазалығы
алу, белден төменгі жақты (қасағаны) ұстарамен
күзеу, истинжа жасау»
13
, – деген.
Достарыңызбен бөлісу: |