Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет12/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
міндеттеген.  Үсті-басы  мен  киім-кешегін  мұнтаздай 
таза ұстауды өсиет еткен. Көпшілік орындарға (мешіт, 
қонақ т.б.) барарда  үсті-басын ретке келтіріп, таза киім 
киген, хош иісті әтір себінген. Өзімен бірге үнемі айна, 
тарақ, мисуак және иіссу алып жүрген. жағымсыз иістен 
қашқандықтан  шикі  сарымсақ,  жуа  секілді  көкөніс 
түрлерін  тұтынбауға  тырысқан.  Қоғамдық  орындар 
мен қоршаған ортаны таза ұстауды ескерткен. 
Айнаға  қараған  сайын  «Я,  раббым,  сыртқы 
келбетімді  көрікті  еткеніңдей,  ішкі  жан  дүниемді  де 
әсемдікке бөлей гөр!» – деп тілеген. Ерекше жаратылған 
Ақиық елші рухани тазалық мәселесінде баршаға үлгі-
өнеге көрсеткен. Күніне жетпістен аса Аллаһ тағаладан 
кешірім тілеп, жатса-тұрса зікірін тастамай, ғибадатын 
мүлтіксіз  орындап,  жүрегін  таза  ұстауға  тырысқан. 
Кішіпейілдігімен, қарапайымдығымен, тақуалығымен, 
кешірімділігімен  рухани  дүниесінің  мөлдіреген 
пәктігімен танылған.  
жалпы  алғанда,  тазалық  –  барлық  уақытта 
өзектілігін  жоймайтын  қағида.  ол  бүгінгі  күні  де 
өміршең.  Тақырыпқа  арқау  болып  отырған  себебі  де 
сондықтан.  Қазіргі  дәуірде  адамзат  тән  тазалығын 
реттегенімен рухани тазалықта көштен қалғаны белгілі. 
Тән  тазалығын  жасауда  толайым  табысқа  қол  жетіп, 
озық  технологияны  жетілдіргенімен,  рухани  тазалық 
мәселесінде  артта  қалуы  өкінішті-ақ.  Бұған  казино, 
бар, түнгі клуб, құмар ойындар секілді т.б. әлеуметке 
қатысты  істердің  ырықтан  шығып,  заңға  бағынбай 
кеткенін мысал ретінде көрсетуге болады. Бұл істе са-
уатты, көзі ашық азаматтардың да мүлт кетіп жататы-
ны бар. Тән тазалығы мен рухани тазалықты екі тізгін 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет