Қысқартулар:
(с.а.с.) – саллаллаһу аләйһи уә сәлләм - (Оған
Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)
(ғ.с.) – ғалайһис-сәлам - (Оған Аллаһтың игілігі
жаусын)
(р.а.) – радиаллаһу анһу - (Аллаһ одан разы
болсын)
9
кіріспе
Адам баласы дүниеге күнәдан пәк, таза болмыс-
пен келеді. Анасынан аппақ ақ уыз еміп өседі. Бұл
кезде оның жан дүниесі де мөлдір су бетіне түскен
ай сәулесіндей тап-таза болады. Ал дүниетанымы
былғанбаған ақ парақтай тұп-тұнық күйінде тұрады.
Шіркін-ай, сәби шақ балалық кездегі осы бір кіршіксіз
мінезді өмір бойы сақтар ма еді дейсіз еріксіз. Мұқағали
ақынның пәк күндерді аңсап, «Сәби болғым келеді,
сәби болғым, Ана сүті аузынан арылмаған» деуі осын-
дай аңсардан, адамдардың өсе келе барлық болмы-
сын кірлетіп алатынына налығаннан туған сөз бе деп
топшылайсыз. Адам тіпті, өсе келе өзінің о бастағы
мұсылмандық сеніміне де қылау түсіруі мүмкін. ол
туралы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) «Әр сәби
дүниеге мұсылман болып келеді. Кейіннен ол ата-
анасы не айналасындағылардың ықпалымен христи-
ан, иудей не өзге дінге өтеді» деп ой салған.
Тазалықтың өмірде алар орны ерекше. Күнделікті
асымыздың таза болуы, бойымыздың тазалығы,
тұрғылықты жеріміздің тазалығы, киім, қоршаған
ортамызды таза сақтауымыз, тұтынған дүниеміз бен
ниеттің тазалығы, жүректің ақтығы, тапқан табыстың
адалдығы – бәрі де салауатты өмір мен баянды
тіршіліктің негізін құрайды. осы себепті халқымыз
«Тазалық – денсаулықтың кепілі» деп білген.
Ғаламдағы күллі жаратылыс тіл жетпес әсем
саз, шерлі назбен тазалықтың таусылмас жырын
|