Исламдағы тазалық
6
Дәрет алған соң намаз оқуға болмайтын мәкрүх
уақытымен тұспа-тұс келмесе, екі рәкағат намаз
оқу.
дәреттің жарамдылығына кедергі
болмайтын мән-жайлар
Қабыршақтанып тұрған жараның астын жумау
6
дәреттің жарамдылығына кедергі келтірмейді.
Тырнақ астында жиналған кір, денедегі кір және
6
шыбын-шіркей былғанышының дәретке кедергісі
жоқ.
Зәру болған жағдайда дәрет мүшелерінің бірі жу-
6
ылмай қалса, дәретке кедергі келтірмейді. Мәселен,
денедегі жараны, аяқтағы күйіктің орнын жуу
зиян тигізсе, жай ғана мәсіх тарту жеткілікті.
Мәсіх тарту зиянды болса бұдан да бас тартқан
жөн. жараға жағылған дәрі айналасына аққан
жағдайда жуу керек, ал, жуу зиян берсе, мәсіх
тарту жеткілікті.
6
Дәрет алып жатқанда және дәрет алып болғасын
дәрет мүшелерінің бірін жуып-жумағандығына
қатысты күдік туындаса, егер дәрет алғанда
әдетте күдіктенбейтін болса, қайта жуады, ал егер
әрдайым күдіктенуді дағдыға айналдырса, жумай-
ды. Күдік-күмәнда тым шектен шықпаған абзал.
6
Дәрет алғандығын нақты біле тұра дәретін бұзып-
бұзбағандығына қатысты күдіктенген жан дәретті
болып есептеледі. Нақтылы болған жайт күдікпен
күшін жоймайды. Керісінше дәреті жоқ екендігін
біле тұра кейіннен дәрет алып-алмағандығына
қатысты күдік туындаса, онда дәрет жоқ болып
есептеледі.
|