Тән тазалығы
«Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танитын бола-
сыз, уа, Аллаһ елшісі!?», – дегенде, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.): «Қалай дерің бар ма? Қара торы көп жылқының
ішінен аққасқа аттарын иесі түстеп тани алмаушы ма
еді?», – деген сұрағына.: «Әрине ажыратады, уа, Аллаһ
елшісі!», – деді сахабалар жарыса. Пайғамбарымыз:
«Осы секілді олар да дәрет алған ағзалары жарқырап
келетін болады. Мен хауыздың басына олардан бұрын
жетемін. Байқаңыздар, кейбіреулер хауызымның ба-
сынан адасқан түйе секілді жаппай қуылады. Мен
оларды: «Бері келіңдер!», – деп шақырғанымда, маған:
«Сен олардың сенен кейін не істегенін (бүлдіргенін)
білмейсің ғой?!», – деп үн қататын болады. Сонда мен
де: «Олай болса, аулақ кетсін! Аулақ кетсін!», – дейтін
боламын»
39,
– деді.
Уқба ибн Амир (р.а.) жеткізген хадисте дәреттің
жаннатта аяқталатын серуеннің басы екені айтыла-
ды: «Біз кезекпен түйе бағушы едік. Бір күні кезек
маған келді. Кешқұрым түйелерді қырға айдап
салып, қайтқанымда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) соқтым.
ол халыққа уағыз-насихат айтып тұр екен. Сөзінің
соңында: «...кімде-кім жақсылап дәрет алып, ба-
рынша беріліп екі рәкәғат намаз оқыса, оған жаннат
уәжіп болады», – дегенін естіп қалдым. Мұны естіп
қуанғанымнан: «Бұл неткен жақсы хабар!», – дедім.
Сонда алдымда тұрған біреу: «Мұның алдында
айтқаны тіпті жақсы болатын», – деді. «Кім екен?»
деп жүзіне қарасам, Омар ибн Хаттаб екен. Ол сөзін
әрі қарай жалғастырып: «Кімде-кім дәрет алса және
мұны жақсылап орындаса, содан соң «Әшхәду ән лә
39
Мүслим, Таһарат, 39
|