Исламдағы тазалық
дәреттің ақиретте мүминге тигізер септігі
Ғибадаттың діңгегі – намаз. Ал, намаздың кілті
– дәрет. Дәрет алу арқылы рух сергіп, жан сарайы
Тәңірі жолдайтын жақсылықтарға айқара ашылады.
Мәселен, денеге салқын су тигенде бойдағы күш-қуат
артып, ерекше сергектік пайда болады. рух та тап
сондай күш алып, Хақтан келетін игілік атаулыны
қабылдауға бейім тұрады.
Дәл осындай ниетпен дәрет алу Мұхаммед пай-
ғамбардың (с.а.с.) үмбетінің ақиретте ерекше ілтипатқа
бөленуіне септігін тигізеді. Әбу Һурайра (р.а.) дәрет
алғанда қолын иыққа дейін, аяғын тізеге дейін жуатын.
Мұның себебін сұрағандарға ол Аллаһ елшісінің:
«Қиямет күні үмбетімді шақырғанда, олар дәрет
алған ағзалары жарқыраған күйде келеді. Сондықтан
мүмкіндігі болғандар жарқырауын ұлғайтсын! (Мүс-
лимнің басқа бір риуаятында: «Мүминнің әшекейі
дәреттің жеткен жеріне дейін көтеріледі» делінген)»
38
,
– дегенін естідім» дейтін. Басқа риуаятта Әбу Һурайра
тақырыпты кеңінен тарата отырып баяндайды: «Аллаһ
елшісі қабірстанға (Бақи-ул Ғарқад қабірстанында
он мыңға жуық сахаба жерленген) барып: «Уа,
мүминдердің өңірі, сәлем болсын сендерге! Иншаллаһ
біз де сендердің қатарларыңа қосылатын боламыз.
Діні бір бауырларымды қатты көргім келеді», – деді.
Сонда сахабалар: «Біз сізге бауыр емеспіз бе, уа, Аллаһ
елшісі!?», – деп сұрады. Бұл сұраққа пайғамбарымыз:
«Сендер менің достарымсыңдар! Бауырларым әлі
келе қойған жоқ», – деп жауап қатты. Сахабалар:
38
Бухари, Ууду 3; Мүслим, Тахарат 34, 35, 40; Нәсәи, Тахарат
110.
|