Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет48/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
сол  жақтан  берілгендер  қатарына  қоса  көрме!»,  –  деп 
дұға етеді.
Басқа  мәсіх  тартқанда:  «Уа,  жасаған  Ием, 
мейіріміңе  бөлей  гөр,  береке,  жақсылығыңды  аяма! 
Сенен  өзге  ешкімнен  пана  таппайтын  жерде  Арыш 
тағының саясында жай таптыра гөр!», – дейді.
Құлағына мәсіх тартқанда: «Уа, Аллаһ тағалам, мені 
сөздің дұрысына құлақ асып, саған мойынсұнғандардан 
қыла көр! жақсылармен бірге жаннатқа шақырған дау-
ысты естуді нәсіп қыл!», – деп айтады.
Мойынға  мәсіх  тартқанда:  «жаппар  Ием,  қылша 
мойным  талша!  Мені  тозақтан  құтқар,  мойныма 
бодаулық шынжырын салма!», – деп тілек білдіреді.
Аяғын жуғанда: «жасаған Ием, тура жолыңнан ада-
стыра көрме!», – дейді. Содан соң кәлимаға тіл келтіріп: 
«Уа, Аллаһ тағалам, күнәларым үшін опық жеп өкініш 
білдіремін! Кеше гөр, тәубемді қабыл ал! Мені өкініш 
білдіруші  және  тазарушылар  санатынан  қыла  гөр, 
жақсы құлдарыңның қатарына қос! Шүкіршілік етуші, 
сабыр сақтаушы және сені есте ұстаушылар санатына 
қоса гөр!», – деп тілек тілейді.
Дәрет  алған  адам  көлгірсімей  шынайылықпен, 
кемшіліктері  мен  қателіктерін  Хақ  тағаланың  құ-
зырында  мойындап,  кешірім  сұрайды,  дұғам  қабыл 
болсын  деп  жалбарынады.  осылайша  тәнімен  бірге 
рухы да тазарып, намаз оқуға дайындалады.
Кез-келген  кісі  осындай  адал  ниетпен  аяқ-қолы 
мен бет-аузын, тіпті бүкіл бойын кірден тазартуға күш 
салады.  Сондай-ақ,  құлшылыққа  дайындалу  арқылы 
дәретті  рухани  тазарудың,  жаңарудың  нышаны  деп 
біледі.  Су  адам  тәнін  кірден  тазартса,  тәубе  де  дәл 


47
Тән тазалығы
солай  рухани  кірден  арылтатынына  кәміл  сенеді. 
«жұрт  көзіне  түсетін  киім-кешегімді,  үсті-басымды 
таза  ұстауға  тырысамын-ақ.  Ендеше,  Хақ  тағаланың 
назары түсетін жүрегімді, жан дүниемді таза ұстауға 
неге талпынбасқа?», – дейді. Сөйтіп бойын ғана емес 
ойын да, жүрегін де түзеуге тырысып бағады.
Сыйлы  кісінің  қабылдауына  барғанда  бар 
жақсымызды бойымызға іліп, сыпайы сырбаз көрінуге 
күш саламыз, олай болса Аллаһ тағаланың құзырына 
да үсті-басымызды тәптіштеп түзеп барғанымыз абзал. 
Шәмсидің: «Сарайын салып бітпеген, патшаны қонаққа 
шақырып  әуре  болмасын»  –  дегеніндей,  тек  сырт 
пішінге, сыртқы тазалыққа ғана мән беретін адам пат-
шаны  қонаққа  шақыра  отырып,  үйінің  сыртын  ақтап 
бояған, бірақ ішіне қарамаған әумесер іспеттес. 
Адамның  бойы  мен  ойында  тазалық,  намазында 
шынайылық  болмаса,  жүректе  мағрифат  сезімі  берік 
орнықпайды. Тәнді сумен тазартуға болады, ал жүрек 
тазалығына  қол  жеткізу  үшін  саф  иман  керек.  Кәміл 
мүминнің бойы таза, жүрегі иманмен нұрланған болады. 
Дәретсіз  жер  баспайтын  жан  оң  және  сол  жағындағы 
желеп  жебеуші  періштелердің  ерекше  ықыласына 
бөленеді  деседі
36
.  Хақтың  разылығын  мұрат  еткендер 
жан мен тәннің тазалығын қатар ұстағаны жөн. 
Дін ғалымдары дәреттің бес дәрежесі бар екенін 
алға  тартады.  Енді  осы  бес  дәрежеге  тоқталып 
өтейік.
1.  рухтың  дәреті.  осы  арқылы  адам  тән  құмар-
лықтан  арылып,  бойдағы  ғапылдықты  жеңеді.  осы-
36
  Хужуири,  Кәшфул-Махжуб  (Хакикат  Билгиси),  Чевирен: 
Сулейман Улудағ, Стамбул, 1982, 426-428.


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет