41
Тән тазалығы
адамның ағзасының тамаша жаратылысын тамсана
отырып баяндайды. Адам бойында жеті рет өлшеп, бір
пішкен керемет тепе-теңдік, ғажап үйлесім бар. Адам
ағзасында осыншалықты мінсіз жүйе болмағанда бол-
машы
ақаудың өзінен бордай тозып, таусылар еді.
Мәселен, жүрек-қан тамырлары белгілі ырғақпен
және реттілікпен бірде жиырылып, бірде серпіліп,
жұмыс істейді. Бұл ырғақ тіршіліктің тынысы бола
отырып, сәт сайын адамның барлық ағзасына қажетті
қанды айдап, жеткізіп тұрады. Тіршіліктің тірегі деуге
келетін жүрек әрдайым «Аллаһ» деп лүпіл қағады.
Бірақ біз мұны байқамаймыз. Дәруіштер «лә иләһә
иллаллаһ» сөзінің ырғағы жүректің соғу ырғағына
дөп келетінін айтады. Адам «лә иләһә иллаллаһ», –
дей бастағаннан-ақ жүрек оны сүйемелдей «лә иләһә
иллаллаһ», – деп соғып, қанды бүкіл ағзаға айдайтын
көрінеді. Қан тамырлары қарапайым тілмен айтқанда
су құбыры секілді, олар да жүре келе тотығады,
қабырғаларына май қабатын түзіп қатаяды, сөйтіп,
қалыпты қызмет етуден қалады. Бұдан көбінесе,
жүрекке қашық орналасқан мидың үстіңгі қабаты
мен аяқ-қолдың ұшы зардап шегеді. Бұлардың дұрыс
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қан айналымы-
ның ақаусыз жұмыс істеуі қажет. Дәрет біздің тәнімізге
осындайда септігін тигізеді. ол жүрекке тым қашық
жатқан капиллярлы қан тамырларының белсенділігін
арттырады. Бұл баяу ағатын вена қанының жүрекке
жетіп, одан оттегіне, қоректік заттарға қанығып арте-
рия қан тамырлары арнасымен алыс-жақын ағзаларға
нәр беруі тұрғысынан маңызды.