40
Исламдағы тазалық
болатын нәрсені айтайын ба?», – деген сұрағына саха-
балар жарыса:
«Әрине, айтсаңыз екен!», – дейді. Сонда
пайғамбарымыз:
«Ешқандай қиындыққа қарамастан
дәретті толықтай (тиісінше) алу»
32
, – деген екен.
Соңғы сөйлемде пайғамбарымыз «әсбиғ» деген сөзді
қолданған. Бұл ауыз, мұрынды мол сумен шаю, аяқ-
қолды жақсылап (ысқылап) жуу дегенге саяды. Сондай-
ақ хадистегі «аләл-макариһ» сөзі ешқандай қиындыққа
қарамастан дегенді білдіреді. Бұл күн ыстық немесе
аязды деместен жақсылап дәрет алу деген сөз. Дәл осы
сөз «дәрет алу сендерге зиянын тигізбеген жағдайда»
деген мағынаға да саяды.
Егер сырқат адамның ауруы күшейетін болса
немесе аурудан айығуы баяуласа, сумен дәрет алудан
бас тартқаны жөн. Мұндайда тәйәммүм жасалады.
Су тапшы болғанда немесе пайдалануға жарамсыз
болғанда да тәйәммүм жасалады. Демек, мұның өзі
үлкен жақсылық.
Сонымен, мүмин дәрет алу арқылы үсті-басын та-
зартып қана қоймай, жан дүниесін де нұрландырады.
Сөйтіп, мұнтаздай күйде жаратқанның алдында
құлшылығын орындауға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: