43
Тән тазалығы
кеңсірікке су жіберіп жуу мен мойынды шаюдың лимфа
түйіндерінің белсенділігін арттыратыны жазылған.
Сондай-ақ, адам бойында белгілі бір энергиялық тепе-
теңдік бар. Бұл тепе-теңдіктің сақталуы денсаулық
үшін өте маңызды. Әдетте психо-соматикалық ауру-
лардың дені ағзаға кері әсер етеді. Мәселен, асқазан
жарасы әлгіндей кері әсерлердің нәтижесінде пайда
болады. Қазіргі таңда адамның тынышын алып,
бойындағы энергия тепе-теңдігін бұзатын факторлар
тым көп. Себебі, ауа-райының ластығы, синтетикалық
(жасанды талшықтан тігілген) киімдер мен ыдыстар
тағысын тағы күнделікті тұрмысымызға дендей енген
түрлі заттар бойдағы тепе-теңдікті бұзып, ағзаның
қалыпты қызметін нашарлатады. Мұндай зардаптың
алдын алуға су мен топырақ көп септігін тигізеді.
Мұның екеуі де өткізгіш. Адам күніне бес мәрте дәрет
алу арқылы, су табылмаса таза топыраққа тәйәммүм
жасағанда, бойындағы энергияны реттеп, артығын
сыртқа шығарып отырады. Құран міне осыны меңзеп:
«...намазға тұрғанда дәрет алыңдар, жүніп болсаңдар
ғұсыл алыңдар, су табылмаса тәйәммүм жасаңдар!»
34
–
дейді. Мұның барлығы да Аллаһ тағаланың құлдарына
жасаған жақсылығының белгісі.
Ислам – жеңілдік діні. Аллаһ тағала құлдарына
қиындық емес, жақсылық жасағысы келеді. Аятта бұл
туралы:
«Ол қиындықты емес жеңілдікті қалайды»
35
,
– дейді. Сондықтан «неге қиын-қыстау шақта дәрет
алуымыз керек?», – деп қамығып, қапалану жөн емес.
Себебі, Аллаһ тағала құлдарының игілігін ең жақсы
34
«Мәидә» сүресі 6.
35
«Бақара» сүресі 2/185.