45
Тән тазалығы
лады. Түзге шыққан соң тазалану (жуыну, сүртіну),
артынша қолды жақсылап жуу, осыдан кейін дәрет
алу тәндік тазалық түрі емес. Тәндік ластық болумен
қатар рухани ластық та бар. Дәрет алғанда тәнімізді
тазартумен қатар, рухани дүниемізді сергітіп, күнәдан
арылуға ұмтыламыз. Түрлі қателіктерімізді мойындап,
қайталамауға бекінеміз. жасаған ісімізге өкініп, тәубе
ету арқылы күнәлардан арыламыз.
жаманды-жақсылы барлық іс-әрекетті адам
баласы көзімен, қолымен, аяғымен, тілімен және т.б.
ағзаларымен жасайды. Кез-келген істе адам бала-
сының аталған ағзалары Аллаһ тағала белгілеген
шектен шығып кететіні және бар. Міне, дәрет алып,
жуынғанда, іштей дұға оқып, дәрет ағзаларымызбен
жасаған күнәларымыз үшін тәубе етіп, рухани тазара-
мыз.
Дәрет алардан бұрын адам ниет етеді. осылайша,
Хақ тағаланың құзырына шығуға дайындалады. Содан
соң бісміллә айтып, Аллаһтың жарылқауын үміт етіп,
дәрет алады.
Ауызға және кеңсірікке су жібергенде: «Уа, Аллаһ
тағалам, сенің атыңды ауызға алуға, кітабыңды оқуға
көмектесе гөр! жаһаннамның иіс-қоңынан аулақ
қылып, жаннаттың хош иісін нәсіп ете көр!», – деп дұға
етеді.
Бетін жуғанда: «жаратқан Ием, достарыңның жүзі
жарқын болған сол күні (қияметте) менің де жүзімді
жарқын қыл! Қарабет қыла көрме!», – дейді.
оң қолын жуған шақта: «жаппар Ием, амал дәп-
терін оң жақтан алғандардың санатынан қыла көр!», –
деп, сол қолын жуғанда: «Уа, Аллаһ тағалам, дәптері