Исламдағы тазалық тигізу шарт емес. Алайда ғұсыл алғанда қас пен мұрт
біткен терінің түбіне су тигізу шарт.
әбу Һұрайра (р.а.) неліктен өзгеше дәрет алған? Әбу Һұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Үмбетімді ақиретте дәрет алған мүшелерінен танимын» деген
хадисін естігеннен бастап, дәрет алғанда қолын иыққа,
аяқтарын тізесіне дейін мұқият жуатын. Хадисте дәрет
мүшелерінің жарқырағанын сипаттау мақсатында
«ғурреә мухажәлиин» «маңдайлары жарқыраған»
деген теңеу қолданылған. Әбу Һұрайра хадисті «дәрет
мүшелерінің көбірек жарқырауы үшін оларды молынан
жуыңдар» деп толықтырады да, өзінің қолын иығына
дейін, аяғын тізесіне дейін жуатынын айтады.
Сондай-ақ, Әбу Һұрайра пайғамбарымыздың ха-
дисінде айтылған мән-жайдың тереңіне өзгеше бір
қырынан бойлап, Аллаһтың құзырында абыройлы
болу мақсатында дәретті ұқыптап алатын. Пайғам-
барымыз бірде: «Аллаһ тағала қателіктеріңді өшіріп тазартатын және дәрежелеріңді (абыройларыңды) көтеретін бір жайтты айтайын ба?», – деп сұрайды. Сахабалар жаппай: «Иә, айтсаңыз екен, уа, Аллаһ елшісі!», – дейді. Пайғамбарымыз сонда: «Дәрет алу барынша қиындаған шақта дәретті ешқандай кемітпей толық алу, мешіт пен үй арасындағы ұзақ жолды жүріп өту және бір намаздан соң келесі намазды асыға күту – осылар Аллаһ тағалаға жақындау болып табылады» 45,
– деген екен.
45
Мүслим, Тахарат 41; Тирмизи, Тахарат 39.
63
Тән тазалығы Бұл жерде ескерте кететін жайт, дәретті дәл солай
алудың баршаға міндетті еместігі.