61
Тән тазалығы
Көз жасы адамның жаратқанға бір табан жақын-
дауына қолғабыс жасайды. Аллаһ тағала да өзіне
жақындаудың жолын қарастыруды бұйырып:
«Уа, иман
еткендер, Аллаһтан қорқыңдар! Оған жақындаудың
жолын қарастырыңдар әрі Оның жолында күресіңдер!
Сонда (азаптан) құтылуларың кәдік»
43
, – дейді.
Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде күнәсі үшін кешірім
тілеп, жылаған көздің тозақ отынан аман қалатынын
айтады
44
.
Дегенмен, намаз үстінде дүниеге алаңдаудан,
бастан кешкен қиындықты еске түсіріп, қамығудан
шыққан жас намазды бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: