68
Исламдағы тазалық
тәнімен, ықыласымен қол қусырған адамға Аллаһ
тағала да мейіріммен қарайды.
«Мені есте ұстаңдар, Мен де сендерді ескеретін
боламын!»
50
,
«Кеңшілікте Аллаһты еске алыңдар,
сонда таршылықта Ол да сендерді еске алады
(жарылқайды)»
51
деген аяттардың дені, «мына дүниеде
Мені естен шығармаңдар, қабірде, махшар таңында,
жаһаннамның жалыны шарпыған қылкөпірде Мен де
сендерді еске алатын боламын!» дегенге саяды. Аят-
хадистер күмәнсіз осыны баян етеді. Иә, құл шын
жүрекпен жаратқанын іздеуі тиіс. Себебі, біз оған
мұқтажбыз. Міне, намаз осы ізденіске бағыт-бағдар
береді. Намазға осылай оқталған мүмин дәретпен
бойын, ойын жаңартады, сосын Аллаһтың құзырына
шығуға асығады. Әрине, Аллаһ тағала мұндай
ықыласты жауапсыз қалдырмай, құлына барша есікті
айқара ашады.
Сондай-ақ, тазалықтың соңғы мәртебесі – жүрек-
тен Аллаһтан басқаның бәрін, тіпті рұқсат етілген
дүниелік нәрселерді аластау болып табылатын
пайғамбарлар тазалығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.а.с.) пен өзге пайғамбарлар игерген тазалықтың
шырқау шыңы осы. жүрек жаман ахлақтан жиреніп
бас тартпайынша, Аллаһтан басқаның бәрінен шет
қалуы мүмкін болмайды. жүрек жаман тәрбиені өзінен
аластап, дүниеге қатысты нәрселерден қара үзбейінше
әсте Аллаһқа жақындай алмайды. Тәніміз күнәдан
толықтай арылмайынша жүрек нұрға бөленбейді.
Адамның іші-сырты бірдей күнәдан құтылғанда
50
«Бақара» сүресі, 2/152
51
Ахмәд
ибн Ханбәл, Мүснәд, 1/307; Хаким, Мүстәдрәк, 3/623
69
Тән тазалығы
ғана жүректе иманның шамшырағы жанады. Демек,
бұл мәртебелердің бәрін аттап өтіп, бірден жоғары
қарай көтерілу тіптен мүмкін емес. Тап баспалдақпен
көтерілгендей сатылап жоғарылай отырып, Аллаһтың
сүйіспеншілігіне бөленеміз. Пайғамбар атаулы осы-
лайша жоғары деңгейге қол жеткізген. Мысалы, Аллаһ
елшісі дәретке де намазға да мұқият болған, күніне жүз
мәрте, басқа бір деректе жетпіс мәрте өкініш білдіріп
истиғфар еткен (Аллаһ тағаладан кешірім сұрайтын).
Бұл жөнінде өзі де:
«Мен күніне жүз мәрте Аллаһтан
кешірім сұрап, тәубе етемін»
52
, – деген.
Пайғамбарымыз адамзатқа ғибрат болсын деген
ниетпен және үмбетіне мейірім жасалуы үшін,
сондай-ақ, рухани тұрғыдан дамылсыз даму үстінде
болғандықтан ұдайы Аллаһ тағалаға жалбарынып
тәубе еткен.
Пайғамбарымыздың ертеңгісін және кешқұрым
бірнеше мәрте:
«Уа, жүректерді сан-саққа жүгіртіп
құбылтқан Аллаһ, жүрегімді дін жолында берік қыл!»
53
,
– деп дұға қайырғаны да мәлім. Міне, оның көздеген
межесі осыншалықты биік, жан сарайы осыншалықты
кіршіксіз таза, ойы терең.
Намаз оқуға бекінгенде осындай терең ойға
берілген дұрыс. Ғибадатқа дайындық аса маңызды.
Дәрет алу барысында адам әрбір дене мүшесін жуған
сайын жан-дүниесі қуат алып жаңарады, жаңа рухани
асуларға ұмтылады. Дәрет алғанда айтылған дұғалар
адамды басқа әлемдерге жетелейді. Сонымен қатар,
мешітке беттегенде айтылатын бірсыпыра дұғалардың
52
Мүслим, Зікір, 41;
Әбу Дәууд, Салат, 361
53
Тирмизи, Қадәр 7; Ибн Мәжә Муқаддимә 13.