ғұсылдың түрлері Ғұсыл үшке бөлінеді:
Парыз болған ғұсыл жүніп болған соң, етеккір тоқтағанда, босанғаннан
кейін келетін қан тыйылғанда ғұсыл алу парыз.
Сүннет болған ғұсыл жұма намазы үшін ғұсыл алу – сүннет. жұма күні
6
– күндердің ең ардақтысы әрі мүминдердің мереке
күні. Мұны Пайғамбарымыздың хадистеріне
қарап білеміз. жұма күні шомылуға кеңес берген
хадистердің көптігі және мұны Пайғамбарымыздың
қайта-қайта тапсыруынан ғалымдар жұма күні
шомылуды бекітілген сүннет деп қабылдаған.
Шаш қию, тырнақ алу, мұрт қысқарту секілді дене
күтімін де жұма күні атқарған дұрыс;
Айт намазын оқу үшін шомылу;