ғұсылдың сүннеті мен әдебі
Ғұсыл алуға бісмілләні айтып ниет ету, әуелі қолды
және әурет жерін жуу, намазға дәрет алғандай дәрет
алу, сосын бүкіл денені жуу, суды ысырап жасамау,
әурет жерін жауып шомылу және шомылу барысында
жөн-жосықсыз сөйлемеу ғұсылдың сүннеті мен әдебіне
жатады.
Ғұсылдың мәні ауыз, мұрын, қала берді бүкіл
денені жуумен ғана шектелмейді. Бұған қоса ғұсылдың
ішкі терең мәні барын білгеніміз жөн.
Ислам дінінің жуынып-тазалануды мұсылман-
дарға міндет қылып жүктеуі мәдениет пен қоғамдық
өмірде де үлкен рөл ойнап, тазалық өмір салтына айнал-
ды. Мұсылман елдердің тарихи жәдігерлеріне қарасақ,
елді-мекен, қала құрылысында әуелі монша мен мешіт
|