Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет80/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
секілді  қоғамдық  көпшілік  орындардың  салынғанын 
көреміз.  
Ғұсылдың, яғни бастан аяқ шомылудың денсаулық 
үшін  пайдасы  орасан  зор  екендігі  бесенеден  белгілі. 
Сол  себепті  жүніп  болғандар  мен  хайыз  және  нифас 
уақыты  біткен  әйелдерге  парыз  болған  ғұсыл  жұма 
күндері өзгелерге де сүннет, яғни құптарлық сауабы 
бар жақсы амал саналған. Дәреттің үстіне дәрет алу, 
ғұсылдың үстінен ғұсыл құйыну – нұр үстіне нұр бо-
латын қадам.
Ғұсылдың  астарындағы  хикметке  қатысты  пікір-
лердің  бірі  мынадай:  жыныстық  қатынасқа  түсу  ба-
рысында  адам  басыбүтін  құмарлыққа  беріледі.  Бұл, 
адам табиғатына тән сезім болғанымен өмірдің мұраты 
тәнді  күйттеу  емес.  жыныстық  құмарлықты  ұрпақ 
жалғастығы  үшін  қажеттілік  деп  қабылдаған  жөн. 
Мұның жетегінде кеткен адам руханиятын көзден таса 
қылады. Өйткені, нәпсі руханиятқа бейім тұрмайтыны 
белгілі.  Сондықтан,  жыныстық  құмарлық  жүректі 
ғапылдыққа  салады.  Мәселен,  ұзақ  уақыт  бойы  жан-
тәнімен  руханиятқа  ден  қойған  адамның  бірден  тән 
ләззатына берілуі қаншалықты қиын болса, дүниенің 
баянсыз  қызығына  барынша  құмартқан  жанның  да 
кенеттен  руханиятқа  ден  қоюы  соншалықты  қиын 
нәрсе. Міне, осындайда дәрет пен ғұсыл көмектеседі, 
адамның  алай-дүлей  сезімін  реттеп,  үйлесімге 
келтіреді.  жыныстық  құмарлыққа  берілген  жанның 
тәндік әрі рухани тұрғыдан тазаруын, қайта қалпына 
келуін қамтамасыз етеді.


81
Тән тазалығы
Естен танған немесе өзін нашар сезінген жанның су 
бүркігенде есін жиятыны сияқты жыныстық қатынас 
барысында  құмарлықтың  жетегінде  есі  кеткен  адам 
жуынған соң жаны мен тәні қайта үйлесім тауып, қаз-
қалпына  келеді.  жалпы  жыныстық  қатынасқа  түскен 
соң немесе құмарлықпен мәни бөлінген соң шомылудың 
рухани пайдасы ғана емес, денсаулық тұрғысынан да 
пайдасы мол.
Дәрет пен ғұсыл сыртқы (материалды) тазалықтың 
негізі болумен бірге діни тазалықтың да нақ өзі. Дәрет 
пен  ғұсыл  алуда  басты  мақсат  –  Аллаһ  тағаланың 
құзырына  рухани  тұрғыдан  тазарып  (жаңарып)  шығу 
болса керек. Мұны су тапшы немесе денсаулыққа зиян 
болғанда  топыраққа  тәйәммүм  жасау  мүмкіндігінен 
аңғарамыз.
Хадисте:  «Аллаһ  сендердің  сыртқы  кейіптеріңе 
қарамайды, жүректеріңе және жасаған амалдарыңа 
қарайды», – дейді. Мәулана жәлалиддин руми: «Көзге 
көрінетін  кірді  аздаған  су  жуып  шаяды.  Ал  көңілдің 
кірін тек көз жасы жуып кетіреді», – деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет