6
дайшаға Құраннан үзінді жазу имам Мұхаммед-
тің пікірінше мәкрүһ саналады. жүніп немесе
хайыз, нифас күйінде Құран Кәрімге қарауға (көз
жүгіртуге) болады. Бұл қолмен ұстағанмен бірдей
емес.
Дегенмен де Малики мазхабында бұл мәселеге
қатысты өзгеше көзқарас бар екендігін айта кеткен
жөн. Имам Мәліктің пікірінше жүніп адам Құран
оқи алмаса да, хайыз немесе нифас күйіндегі әйел
мусхабқа қолын тигізбей қарап яки жатқа Құран оқи
алады. Себебі жүніп болған адам әп-сәтте жуынып та-
залана алады, ал әйел етеккірі тоқтағанша ғұсыл ала
алмайтындықтан үзірлі саналады
56
.