82
Исламдағы тазалық
Тісті жүніп күйде пломбалатқан соң ғұсыл
алудың жағдайы
Ханафилерде ғұсыл алғанда ауызды шаю парыз,
Ханбали мәзхабында уәжіп, шафиғи мен мәликилерде
сүннет саналады. Бұл тұрғыдан алғанда ауыз қуысын
шаю, яғни мадмада ханафилерде айрықша мәнге ие.
Мұндағы «ауыз қуысы» ұғымын анықтап алған
жөн. Ауыз қуысы деп тістің өзегін емес, ауыздың ішін,
тістің сауытын айтамыз.. Сондықтан пломбаланған
немесе қапталған тістің тек сауытына су тисе парыз
амал орындалған болады. Мұнда күмәнданатын
ештеңе жоқ. Дегенмен мұсылманның жүніп күйде
жүріп-тұруы, ғұсылды кешіктіріп алуы құптарлық
жайт емес.
Достарыңызбен бөлісу: