Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


ғұсыл барысында алған дәретіміз бұзылса



Pdf көрінісі
бет81/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

ғұсыл барысында алған дәретіміз бұзылса, 
ғұсыл да жарамсыз бола ма?
Ғұсыл  алғанда  дәретті  бұзатын  жай-күйдің  орын 
алуы  ғұсылға  ешқандай  кедергі  келтірмейді.  Алайда 
қайта дәрет алмай бұл ғұсылмен ғибадат қыла алмай-
мыз.  Ғұсылды  қажет  ететін  жағдайлар  белгілі.  Бұлар 
жүзеге  аспаса,  ғұсыл  алудың  қажеті  жоқ.  Ғұсыл  алу 
барысында еріксіз мәни немесе мәзи келген жағдайда 
ғана ықтияттап қайта ғұсыл алған абзал.


82
Исламдағы тазалық
Тісті жүніп күйде пломбалатқан соң ғұсыл 
алудың жағдайы
Ханафилерде  ғұсыл  алғанда  ауызды  шаю  парыз, 
Ханбали мәзхабында уәжіп, шафиғи мен мәликилерде 
сүннет саналады. Бұл тұрғыдан алғанда ауыз қуысын 
шаю, яғни мадмада ханафилерде айрықша мәнге ие. 
Мұндағы  «ауыз  қуысы»  ұғымын  анықтап  алған 
жөн. Ауыз қуысы деп тістің өзегін емес, ауыздың ішін, 
тістің  сауытын  айтамыз..  Сондықтан  пломбаланған 
немесе  қапталған  тістің  тек  сауытына  су  тисе  парыз 
амал  орындалған  болады.  Мұнда  күмәнданатын 
ештеңе  жоқ.  Дегенмен  мұсылманның  жүніп  күйде 
жүріп-тұруы,  ғұсылды  кешіктіріп  алуы  құптарлық 
жайт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет