Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет78/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

ғұсылдың парыздары
Ғұсылдың  парызы  «...жүніп  болсаңдар  толық-
тай  жуыныңдар»
55
  деген  аятта  айтылғандай  денені 
тұтастай  жуу  болып  табылады.  Ауыз  бен  кеңсірік  те 
(мұрынның іші) дененің сыртқы бөлігі болғандықтан 
оларды да жуу қажет. Сонымен ауыз, мұрын және бүкіл 
денені жуу ғұсылдың парызы болып саналады.
55
  «Мәидә» сүресі, 5/6.


78
Исламдағы тазалық
Ғұсылдың парыздары төмендегі тәртіппен 
атқарылады:
Ауызды және мұрынды жақсылап жуу;
 
6
Денені  иненің  көзіндей  құрғақ  жер  қалдырмай 
 
6
түгелдей  жуу;  Құлақтың  іші,  кіндік  жақсылап 
жуылады.  Шаш,  қас,  сақал-мұрт  арасына  және 
астындағы  теріге  су  тиуі  қажет.  Бұлар  қалың 
болғанымен  судың  тиюін  қамтамасыз  ету  керек. 
Бұлардың арасы және түбіндегі тері құрғақ қалған 
жағдайда  ғұсыл  толыққанды  болып  саналмайды. 
Алайда  шашын  өрген  әйелдер  шаштарын  ашып 
жууы  шарт  емес,  тек  қана  шаштарының  түбіне 
судың тиуін қамтамасыз етсе жеткілікті. Ал еркек-
терде    мұндай  мәжбүрлік  жағдай  болмағандығы 
үшін шаштары ұзын болса да арасын ашып жууға 
міндетті.
Сырға тағатын құлақтағы тесіктердің ішіне ылғал 
 
6
баратындай  етіп  жақсылап  ысқылап  жуылуы 
қажет.
Тырнақ  астында  құрғап  кеткен  кірлердің  астына 
 
6
су  барардай  етіп  жақсылап  жуылады.  Алайда 
тырнақтың  үстінде  жиналған  кір  немесе  қына 
ғұсылға  кедергі  болмайды.  Себебі,  бұлар  судың 
өтуіне кедергі келтірмейді. 
Қандай  да  бір  үзір  себебімен  сүннеттелмеген 
 
6
жыныстық  мүшенің  басындағы  тері  қабатының 
іші жуылуы тиіс. Алайда терісі ашылмайтын болса 
жуу керек емес. Себебі, мұндай жағдайда терінің 
іші дененің ішкі бөлігі болып саналады. Дегенмен 
мұндай жандарда кіші дәрет терінің ішкі бөлігіне 
аққан жағдайда дәреті бұзылады.


79
Тән тазалығы
Судың  өтуіне  кедергі  боларлықтай  көлемде  тіске 
 
6
жабысқан тағам қалдықтары болмауы тиіс. Дененің 
кез-келген жерінде теріге су өткізбейтін қандай да 
бір зат болмауы керек. Себебі, сол зат бөгет болған 
жердегі  теріге  судың  тимеуі  салдарынан  ғұсыл 
толыққанды алынбайды.
Кісі ғұсыл алып болған соң дене мүшелерінің бірін 
 
6
жууды  ұмытқан  жағдайда  қайта  ғұсыл  алудың 
қажеті  жоқ,  тек  әлгі  ұмытылған  мүшені  жуса 
жеткілікті. Алайда парыз намаз оқып қойса, нама-
зын қайта оқуы тиіс.
 
6
Ғұсыл  болсын,  жай  дәрет  болсын,  көздің  ішін 
жуу қажет емес. Ғұсыл алу барысында көздің жай 
ғана жабулы тұруы да ғұсылға кедергі болмайды. 
Кірпіктерге судың тиуі жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет