87
Тән тазалығы
Қолды таза топыраққа екі мәрте ұрып бетке және
қолға толық мәсіх тарту; Топыраққа бірінші қол
тигізгенде бетке, екіншісінде қолға мәсіх тартылады.
Тәйәммүм қалай жасалады?
Дәрет немесе ғұсыл алуға тиіс адам қос қолын
таза топыраққа (құмға, т.с.с.) ұрып, бетіне мәсіх тарта-
ды. Сосын қос қолын топыраққа қайта тигізіп кезек-
пен шынтаққа дейін екі қолына да мәсіх тартады. Бұл
амал ғұсылды кешіктірмеу үшін немесе намаз сияқты
дәретсіз болмайтын ғибадатты орындау мақсатында
жасалады. Тәйәммүмнің парызы ниет пен екі мәрте
мәсіх тартудан тұрады.
Тәйәммүм ақырзаманның үмбеті үшін берілген
жеңілдіктердің бірі. Аллаһ тағала мұсылманның қиын-
қыстау кезеңде де құлшылық етуіне жағдай жасайды.
Мұнымен әуелі мұсылманның рухани қажеттілігін
қанағаттандырады, сондай-ақ, адамды түп негізі
болған топыраққа бет бұрғызу арқылы кішіпейілдігі
мен жаратушыға деген сый-құрметін оятады.
Достарыңызбен бөлісу: