шы болсаңдар немесе әжеттеріңді өтеп келсеңдер не болмаса әйелдермен жақындасқан соң су таба алмасаңдар таза топыраққа тәйәммүм жасаңдар, онымен беті-қолға мәсіх тартыңдар. Аллаһ сендер- ге қиындық тудырғысы келмейді, бірақ шүкіршілік қылсын деп сендерді тазартқысы және сендерге деген жақсылығын (тәмамдағысы) баянды қылғысы келеді» 58
. Тығырықтан шығар жол табылғанына
қуанған сахабалар жаппай тәйәммүм жасап, таң нама-
зын оқиды. осылайша тәйәммүм дініміздің тазалыққа
қатысты жеңілдіктері қатарына енді.