95
Тән тазалығы
салдарынан болады. Соңғы жылдары жатырдың
лимфа жүйесіне, жатыр тесігі мен мойнының сыртқы
қабатына, яғни ішастарына ерекше мән берілуде.
Өйткені мұндағы болмашы немқұрайдылық көптеген
шешуі жоқ мәселелерге душар етеді.
Әйелдің жыныс аймағына атүсті қарауға жол
берілмейді. Мұндағы негізгі мәселенің бірі етеккір
кезінде жатыр мен жатыр мойнының шырышты
қабатының гормондық өзгерістерге байланысты жасу-
шалық өзгерістерге ұшырауы. Бұл кезең жыныстық
бездердің (гормондардың) ерекше белсенді кезеңі. Сол
үшін сырттан кез-келген килігу, мейлі ол жыныстық
қатынасқа түсу болсын, мейлі суық тиюі болсын,
жатырдың эпителийінде орны толмас өзгерістер ту-
дырады. Мұндай шалт қимылдың нәтижесі кейін келе
көзге түседі.
Сондай-ақ, етеккір кезінде әйелдерге салқын немесе
ыстық сумен емес, жылы сумен жуыну қажет. Салқын
сумен жуынғанда онсыз да әлжуаз ағзаға суық тию
қаупі бар, қасағаны салқын сумен тазалағанда әйелдің
сыртқы жыныс аймағы қабынып микроб жұғу қаупі
бар. оның үстіне салқын су етеккірдің уақытынан
бұрын шұғыл тыйылуына себепші болады. ыстық су
қан кетуді одан әрі күшейтуі ықтимал.
Етеккір кезіндегі гигиена тек әйелдерге қатысты
болмауы керек. Тұрмысқа шыға қоймаған жас қыздар
да бұған жеткілікті көңіл бөлуі тиіс. Ерте жастан бойын
күтіп үйренген қыз баланың денсаулығы да ерте сыр
бермесі анық.
Етеккір кезінде әйелдер мен жас қыздар шаршап-
шалдығудан аулақ болғаны жөн. жыныс аймағы