91
Тән тазалығы
лады. Сондай-ақ, тәйәммүм жасауға мәрмәр, кірпіш,
қыш, ұсақ тас секілді тастың түр-түрі жарайды. Бұған
қоса топырақ араласқан қоспалармен де, балшықпен
сыланған қабырғамен де тәйәммүм жасауға болады.
Бұлардың үстінде шаң-тозаңның болуы шарт емес.
Имам Ағзам уақыт тығыз болып үлгермей қалатын-
дығынан қорқар болса, кеппеген балшықпен тәйәммүм
жасауға болатынын айтады. Ал имам Әбу Юсуф
балшық құрғамайынша тәйәммүмге жарамайды деп
есептейді.
Күлмен, темір, алтын, күміс секілді ыстықпен
балқытылатын рудалармен, інжу (маржан), шыны, мата
және аң терілерімен тәйәммүм жасалмайды. Өйткені,
бұлар топырақ тектес бұйымдарға жатпайды. Алайда
бұлардың беткі қабатына әжептеуір шаң-тозаң қонған
болса тәйәммүмге жарайды.
Имам Әбу Юсуф пен имам Шафиғидің пікірінше
тәйәммүм тек топырақпен жасалуы тиіс. Имам Мәлик
топырақ, құммен ғана емес, шөппен, ағашпен, қармен
де тәйәммүм жасауға болатынын айтады. Имам Ахмәд
ибн Ханбәлдың пікірінше тәйәммүм өрт шалмаған
және басқадан тартып алынбаған шаң-тозаңы мол
топырақпен ғана жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: