Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Арнайы күндегі әйелдің баласын



Pdf көрінісі
бет102/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Арнайы күндегі әйелдің баласын 
емізуі туралы
Нифас және хайыз – Аллаһ тағаланың қалауымен 
әйел  баласына  берілген  ерекшелік.  Әйел  баласы  бұл 
жағдайдан өз қалауымен құтыла алмақ емес. Бұл табиғи 
заңдылық  әрі  белгілі  бір  жасқа  дейін  жалғасатын 
әрі  уақыты  жеткенде  мүлдем  тоқтайтын  құбылыс. 
Арнайы  күндерінде  әйел  баласы  әрдайым  дәретсіздік 
жағдайында болып есептеледі. 
Нифас  кезеңінде  ең  әрісі  қырық  күнге,  хайыз 
күдерінде ұзақ дегенде он күнге созылатын бұл уақытта 
бала емізетін әйелге «әр жолы» дәрет алуын талап ету 
дініміздегі  жеңілдікті  таңдау  басымдығына  қайшы 
келетіндігі  анық.  Қала  берді  мұндай  күндерде  әйел, 
қанша жерден дәрет алса да діни тұрғыдан «таза» са-
налмайды. Дін әрбір жанның құлшылық борыштарын 
табиғи болмысына жат болмайтындай негізде орындай 
алатын үкімдер болып табылады. Бұлардың орындалу-
ын қиындатуға, жүзеге аспастай ауырлатуға ешкімнің 
хақысы  жоқ.  Сондықтан  да  әйел  арнайы  күндерінде 
баласын тек қана омырауының ұшы мен қолын жуып 
емізуі  жеткілікті  саналады.  Хайыз  күндері  біткенде, 
яғни діни тұрғыдан «таза» болып саналатын уақытта 
әйелге баласын дәретсіз емізбеуі абзал екендігін айта 
кеткен  жөн.  Мұндай  ұқыптылық,  баланың  болашағы 
үшін өте маңызды. 


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет