Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


истихада күйіне душар болған



Pdf көрінісі
бет98/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

истихада күйіне душар болған 
әйелдің дәрет алуы
Истихада  хайыз  бен  нифастан  өзгеше,  пайғам-
барымыздың  айтуынша  «қан  тамырларының  (шы-
тынауынан)  жарылуы»  салдарынан  айыққанға  дейін 


97
Тән тазалығы
созылатын  сырқат  болып  табылады
62
.  Бізге  жеткен 
мәліметтер бойынша пайғамбарымыздың дәуірінде үш 
немесе бес истихада сырқатына ұшыраған әйел бар еді. 
Солардың ішінде пайғамбарымыздың зайыбы, мүбәрак 
аналарымыздың  бірі  –  Зейнеп  жаһшқызы  болатын. 
Аллаһ  елшісі  оған  сырқатына  байланысты  мынадай 
кеңес  береді:  «Таңертең  намазға  тұрғанда  ғұсыл  ал! 
Екінтіге аз қалғанда қайта ғұсыл ал, сөйтіп бесін мен 
екінті намазын оқы! Ақшам намазының соңына таман 
тағы  бір  мәрте  ғұсыл  ал,  мұнымен  ақшам  намазын, 
артынша  құптанды  оқы!».  Мұнда  әйелдің  бір  күнде 
үш  мәрте  жуынып,  намаздарын  уақытында  орындау 
мүмкіндігі  бары  баяндалған.  Пайғамбарымыз  артын-
ша:  «Шамаң  жетсе  осылай  істе!  Әйтпесе  әр  намаз 
үшін бөлек дәрет ал!» – деген
63
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет