кір жууға арналған ұнтақ діни тұрғыдан таза болып санала ма? Негізінен, мұндай мәселеде кір жуатын ұнтақтың
құрамында нәжіс саналатын қоспалар қосылып-
қосылмағандығына назар аударған жөн. Бұл химия
өнеркәсібіне, тұрмыстық химияға қатысты мәселе.
Егер ұнтақтың құрамындағы спирт таза күйде болса,
әрине ұнтақ кір жууға жарамсыз. Бірақ ұнтақтың
105
Тән тазалығы құрамындағы спирт санатындағы қоспалар өзге қос-
палармен жаңа қосылыс түзсе, химиялық құрамы,
қасиеті өзгергендіктен мұндай ұнтақтар діни тұрғыдан
таза саналады.