114
Исламдағы тазалық
қоюына тыйым салған. Бұған тыйым салынудың аста-
рында мынадай мақсаттар көзделген болуы мүмкін:
Адам баласының қай дәуірде болмасын ескерт-
6
кіштерге табынуын жойып, таухид сенімін
орнықтыру;
Мүсіншілердің өнерін «жаратушылық» деп
6
қабылдап, тәухид түсінігіне қайшы әрекеттерге
жол бермеу;
Ескерткіш мүсін жасау барысында белгілі бір шек
6
болмағандықтан жалаңаш тәнді мүсіндер, жалған
пұт құдайлар, діни нышандар секілді Исламға жат
саналған нәрселердің
жасалуына тосқауыл қою;
Қажетсіз шығынды,
ысырапты болдырмау;
6
Ескерткіш мүсіндерді ұлы тұлғаларға сый-
6
құрметтің, халық қаһармандарының ерлігін естен
шығармау ниетімен жасайтындардың уәждеріне
мұсылман ғалымдары мынадай жауап айтқан:
Халық қаһармандарының ескерткіштері әрдайым
6
орнатыла бермегендігі тарихтан белгілі. Залым,
озбыр, қарақшы, т.б. адамдарға да ескерткіштердің
қойылуы, «ескерткіш тек қана қаһармандарға
қойылады» деген ұғымды мүлдем жойған.
Мұсылмандардың фәни дүниеде мәңгілік халық
6
жадында жатталып қалуы секілді арман-мұраттары
болмайды. Мүмин үшін ең ұлы әрі жалғыз ғана
мұрат арғы дүниеде Аллаһ тағаланың разылығына
бөлену болып табылады.
Ислам дінінде
6
мүмин қызметті тек Аллаһ разы-
лығы үшін ғана жасайды, сондықтан да осы
қызметінің жаһанға жария болуынан қашуы
абзал.