Қоршаған орта тазалығы
Үй тазалығына көп көңіл бөлген Пайғамбарымыз
нәжіс екені анық ит бар үйге және тұрып қалған
зәр бар үйге періштелердің жоламайтынын ескерт-
кен. Бұл әлгіндей үй-жай мен ауаны былғайтын
нәрселерден үйді таза ұстау қажеттігіне назар ау-
дартуда. жамағат арасында сарымсақ, жуа секілді
көкөніс жеп басқаларды жағымсыз иіспен тіксіндіруді
ұнатпаған Пайғамбарымыз адамға ұнамайтын нәрсенің
періштелерге де ұнамайтынын білдірген
72
. олай болса,
мүмин реніш туғызатын кез-келген іс-әрекеттен аулақ
болғаны әрі мұндайға жол бермегені жөн.
Үй-жайдың тазалығына, намаз оқитын орынның
материалды тұрғыдан таза болуы да кіреді. Қандай
болмасын нәжәсатпен былғанған жерде намаз
оқылмайтыны секілді, былғаныш жерлерде Аллаһтың
атын зікір етуге де тыйым салынған. Хадистерде
«қоқыс төгілген орын, монша, мал сойылған жер,
мола, түйе қорасы» ерекше аталып, бұл жерлерде
ғибадат жасалмайтындығы ескертілген
73
.
Достарыңызбен бөлісу: |