Қоршаған орта тазалығы Аллаһ тағала Құран Кәрімде тазалыққа көңіл
бөлетіндерді ұнататынын білдірген. Ендеше таза жүру,
айналаны таза ұстауды да білдіреді.
Өз кезегінде қоршаған орта тазалығын бірнеше
топқа бөліп қарастыруға болады:
Үй-жай тазалығы;
6
жолдардың тазалығы;
жеткілікті шамада су табу (өйткені, айналаның
6
тазалығы мен дене күтімі жеткілікті судың болып
болмауына тәуелді);
6
Ауаның тазалығы;
Қоршаған орта тазалығына киім-кешек, тағам-
дардың тазалығын да жатқызғандар болған.
үй-жай тазалығы Пайғамбарымыз намаз оқу үшін үйде арнайы орын
болуы керектігін әрі мұндай орынды таза ұстауды
бұйырған. Ұруә ибн Зүбейір (р.а.) мен Айша (р.а.)
анамыз жеткізген хабар мынадай: «Сахабалардың бірі маған: «Пайғамбарымыз біздерге үй ішінде намаз оқитын жай жасап, оны таза ұстауды бұйыратын», – деп айтып еді» 69
. Үйді таза ұстау денсаулық тұрғысынан да өте
маңызды. Кең әрі таза үй жұқпалы аурулардың таралу
қаупін әлдеқайда азайтады. Ас үйді таза ұстау, қоқысты
сасытпай дер кезінде төгу көп ескертуді талап етпесе
керек. Қоқыс – бактериялар үшін аса қолайлы орта.
Қоқыс шыбын, тарақандарды көбейтеді. Тұрғын үйдің
жалпы алаңы да, бөлме саны да жеткілікті болғаны
69
Қандыхләуи, Хайатус-сахаба, 3/73